Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бармын, бауырым! Бүгінгі күн оңай болған жоқ. Баршамызға бұл қаралы хабар ауыр тиді. Бауырмалдық, татулық, бірліктің қадірін тағы бір мәрте түсіндік. Мәжбүрсіз қан тапсыру, күштеусіз көмектесу, ТЖМ, ДСМ, облыс, қала әкімдігінің, белсенді азаматтардың қолдауы, кәсібилік, жылдамдық.
Рас, көрші ақысы – тәңір ақысы. Тағдыры талқан болған қанша азамат үшін жанымызды шүберекке түйдік. Аман қалғандар үшін тек «шүкір» дей бердік.
Дос, бауыр, жанашырлықтың айқын көрінісі. Зардап шеккен жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын! Иманды болсын!", – деп жазды ол желіде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.