Көктайғақ, тұман, бұрқасын: желтоқсанның соңғы күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы екі күнде солтүстік және шығыс аймақтарға әлі де солтүстік-батыс циклоны жырасы әсер етеді, сондықтан қар, жаяу бұрқасын болжанады.

"Қазгидромет" РМК 28-30 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алдағы екі күнде солтүстік және шығыс аймақтарға әлі де солтүстік-батыс циклоны жырасы әсер етеді, сондықтан қар, жаяу бұрқасын болжанады. Тек 28 желтоқсанда, кезекті антициклон сілемімен, елдің солтүстігінде күн ашылады. Жерорта теңізі аймағынан келетін циклонның әсерінен елдің батысында, 27 желтоқсаннан бастап оңтүстігінде, содан кейін оңтүстік-шығыс аймақтарда да тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Республика бойынша тұман күтіледі, елдің солтүстігінде жел күшейеді.

Республиканың көп бөлігінде температура өзінің Климаттық көрсеткіштерінен жоғары болып тұрғанмен солтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде 7-15-ке дейін, күндіз 5-10 градус аязға дейін аздап төмендеуі күтіледі. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.