Тағы бір ұшақ Бакуге шұғыл түрде қонды

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 10:13-те Бакуге сәтті қонды.

Ресейдің Минеральные Воды қаласына ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы шұғыл түрде Бакуге қайтып келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін журналист Шакир Эминбейли әлеуметтік желілерде Бакуден Минеральные Воды қаласына ұшып шыққан ұшақтың ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына байланысты кері қайтқаны туралы хабарлаған еді.

Хабарламаға сәйкес, J2-8717 рейсінің капитаны ұшқаннан кейін бірден Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға оралу туралы шешім қабылдаған. Azerbaijan Airlines компаниясы бұл шешім Махачкала үстіндегі әуе кеңістігінің жабылғаны туралы NOTAM хабарламасын алғаннан кейін қабылданғанын мәлімдеді.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 10:13-те Бакуге сәтті қонды.