Танымал қазақстандық балуан Мақсат Ережепов Қостанай облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz өңірдегі күрес федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Максат Аршабайұлы Ережепов – грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы грек-рим күресінен 75 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған. Одан бөлек, екі рет күміс, үш рет қола алған. Әскери қызметкерлер арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері және Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы.
Мақсат Ережеповті басшылық қызметке Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресінің президенті Дәулет Тұрлыханов тағайындады.
Ал Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы директоры қызметіне Талғат Жиентаев тағайындалды.