Ақтаудағы ұшақ апатында оттегі баллонының жарылуы: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады

Бакуден Грозныйға бет алған Әзербайжанның Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде апатқа ұшыраған болатын.

ҚР Көлік министрлігі AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылуы туралы мәлімет бойынша мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ведомство мәліметінше, AZAL ұшағында оттегі баллонының жарылғаны туралы ақпарат Ростов әуе компаниясының ұшу жетекшісінен сағат 10.53-те түскен.

«Ростов әуе компаниясының ұшу жетекшісі Ақтау мұнарасының ұшу басшысына жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны, жолаушылар есінен танып қалғаны және келген кезде реанимация жасауды сұрағаны туралы қосымша ақпарат берді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, барлық құтқару қызметі жедел хабарланды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бакуден Грозныйға бет алған Әзербайжанның Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам, оның ішінде үш бала аман қалды.