Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Ақтаудағы ұшақ апаты туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Димаш Құдайберген ұшақ апатында жақынынан айырылғандарға қайғыра көңіл айтты.
"Кеше Ақтау маңында бауырлас Әзербайжан мемлекетінің ұшағында қайғылы оқиға болды. Әзербайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл – орны толмас қаза. Біз сіздермен біргеміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Құтқарушыларға, дәрігерлерге және осы қиын жағдайда қолдарынан келген қамқорлығын жасап жатқандарға мың алғыс", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.