Іскер жастар марапатталды

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты дәстүрлі жылды қорытындылау шарасын өткізіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген бірқатар жастарды жыл соңында марапаттады. Арасында оралдық Сағидолла Сабыржан мен Қуатов Дархан да бар.

Биылғы жылы өңірімізде бол­ған экологиялық апат – су тасқы­ны кезіндегі еріктілердің елеулі еңбегін атап өтпесек болмас. За­мандастарының алдында топ бастап, бірқатар жастардың басын біріктірген азаматтар бүгін пар­тия­ның жастар қанатының мара­паттарын алды. 

«Жастар Рухы» жастар қана­тының облыстық филиалының бел­сендісі, М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттік ректоры Қуатов Дар­хан «Жылы жүрек» аталы­мын­да үздік атанды. «Жылы жүрек» аталымының ерекшелігі – бұл аталым бойынша елімізде эко­логиялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан, халықтың әлеу­меттік осал топтарын қолдаған, игі істерді іске асыру және қоғам­дық маңызы бар бастамаларға қатысқан жастардың өтінімдері қабылданды. Дарханның бұл же­ңісі – ел басындағы қиындықтарда ұйымдаса білген, әртүрлі жағ­дай­дағы көмекке мұқтаж жандардың жанайқайын ести білген бірқатар еріктілердің ортақ жеңісі деп білеміз.

Сонымен қатар «Жастар Ру­хы» жастар қанатының «Белсенді рухтас» аталымында Сағидолла Сабыржан үздіктер қатарынан бой көтерді. Өңірдегі рухтастар «Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек» және тағы басқа партиялық жобасы аясында өңірде еріктілік қызметті белсенді түрде насихаттап келеді. Қазір жастар «Сөйле» қазақ тілінде білім беруге бағытталған тілдесу клубын ашып, жастар арасында жаңа бағыттарды дамытуда. 

Ә.САМАТҰЛЫ