Жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» аймақтық комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде 2024 жылы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарының орындалу барысы талқыланды.

Аталмыш мәселе бойынша баяндаған облыстық Жер ре­­­сурстарын басқару депар­та­мен­тінің басшысы Кушеков Марат Жұ­батқанұлының мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысында биыл 70 мың гектар жер телімін қайтару көзделген. Соның негі­зінде жыл қорытындысымен 77 519 гектар­ды құрайтын 121 ауыл шаруашы­лығы жерлері мем­ле­кетке қайтарылып, жыл­дық жоспар 110,7 % орындалды. 

Аталмыш мәселелерді қар­қынды жүзеге асыру мақсатын­да облыс әкімінің 20.02.2023 жылғы № 33-Ө өкімімен «Мақ­саты бойынша пайдаланыл­май­тын немесе Қазақстан Республи­касының заңнамасын бұза оты­рып пайдаланылатын жер­лерді алып қою жөніндегі» об­лыстық жұмыс топ құрылып, төрт рет жұмыс топ отырысы өткізілген. 

2022-2024-жылдары қай­тарылған 460,1 мың гектар жер­лердің 52,8 мың гектар ша­руа­шылық жүргізу мақсатында кон­курс арқылы қайта айна­лымға енгізілді.

Бұдан бөлек, 2022-2024-жыл­дары жергілікті атқарушы ор­гандарымен өткізілген конкурс арқылы мемлекеттік босалқы жерлерден, жалпы көлемі 211,2 мың гектар жерлер ауыл шаруа­шылығы айналымына қосылды.

Мақсаты бойынша пайда­ланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары алдағы уа­қытта да партияның Жол карта­сы аясында жалғасын табатын болады. Мәселен, келер жылы Республика бойынша ауыл ша­руашылығы мақсатындағы пай­даланылмайтын немесе заң­на­маны бұза отырып пайда­ла­на­тын 2 миллион гектар жер учас­келерді мемлекетке қайтару жос­парланған.

Ә.САМАТҰЛЫ