«Құрметті оқырмандар» қатарында Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, жазушы Кенжебек Жамаубайұлы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманалиев, зейнеткер Жұмагелді Өтелбаев, түркітанушы Бақтияр Бутеев, мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров, кітапханадағы «Әке мен бала» клубының жүргізушісі Ернат Рахметолла, құқық қорғау органдары академиясының докторанты Аян Бекежанов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Фарида Мусатаева, саяси ғылымдар докторы Біржан Бакумбаев, сонымен қатар 4-сынып оқушысы Дінмұхаммед Сатыбалдин мен 7-сынып оқушысы Аяулым Әділ бар.
«Ғимаратқа кірген бойдан жылы қарсы алып, жөн көрсетіп жүретін кітапханашыларға алғысым шексіз. Осы кітапханадағы құнды кітаптар арқылы бірнеше кітап жазып шықтым. Кітапхана менің тұрақты екінші үйім болды», – деп алғысын білдірді Кенжебек Жамаубайұлы.
Кітапхана басшысы Ғазиза Құдайбергенқызы «Құрметті оқырмандарға» жылы лебізін білдіріп, мерекелік сыйлықтар табыстады.