ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнер жолында шетелге арнайы барып концерт қоймағанын атап өткен, деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Оян” бағдарламасына сұхбат берген ол өзінің тек қазақ елі үшін қызмет жасағанын әңгімеледі.
"Тіпті, мына тұрған Мәскеуде де концерт беріп көрмеген адаммын. Осы Қазақстанды ғана араладым. Ауылдарды, станцияларға барып концерт қойдық. Тіпті далада да, комбайнның жанында да ән салдым. Сондықтан еліме деген махаббатым өте биік. Өз жерімде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін. Шетелге барып, сол жақта атымды шығаруға болар еді. Менде ондай жағдай болды. Жолдасым бастық болды. "Мені шетелге шығарып, мына Мәскеуге апарып концертімді жаса" десем орындайтын еді", - деді Мақпал Жүнісова.
Алайда, ол ондайға бармағанын айтты.
"Алдымен өз елімнің батасын алайын дедім. Өз елімде қазақтың әнінің шыңына шығайын дедім", – деді халық әртісі.