Абай облысында жоғалған азамат аман-есен табылды

Ер адам Бородулиха ауданының Изатула ауылынан атпен мал айдауға шығып, орман ішінде адасып кеткен.

Абай облысында жоғалып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Бесқарағай ауданында Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті қызметкерлері бірлесіп, 1968 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстарын сәтті аяқтады.

Ер адам Бородулиха ауданының Изатула ауылынан атпен мал айдауға шығып, орман ішінде адасып кеткен.

Құтқарушылар дрон мен қарда жүргіштің көмегімен оны орман алқабынан аман-есен тауып, жақын елді мекенге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.