Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматыда ұсталды

Ол өз елінде құжаттарды қолдан жасау арқылы қомақты қаржы жымқырған.

Ақшаны иемдену және жалған құжаттар дайындау жолымен ақшаны жымқырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы халықаралық әуежайында ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары іздеcтіріп жүрген ер адам ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұстады.

- Ер адам 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін құжаттарды қолдан жасау арқылы 162 миллион сум ұрлап кеткен, – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.