Әзербайжан Ресей азаматтарының елге кіру ережелерін қатаңдатуға кірісіп, тиісті қаулыға елдің премьер-министрі Әли Асадов қол қойды. Бұл құжат ведомство сайтында жарияланған.
– Ресей Федерациясының азаматтары, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұрақты тұратын, бірақ Ресей азаматтығы жоқ адамдар бір күнтізбелік жыл ішінде Әзербайжанда 90 күннен аспайтын визасыз жүре алады, – делінген ведомство сайтында жарияланған құжатта.
Министрлер кабинетінің қаулысы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұған дейін ресейліктер Әзербайжанда жылына 180 күнге дейін визасыз жүре алатын.