"Алтын көрсе, періште жолдан таяды": Жазира Байырбекова көпшілікті ойландырып қойды

Танымал әнші Жазира Байырбекова шетелде демалып жүріп, қызық оқиғаға тап болғанын жазды.

Танымал әнші Жазира Байырбекова шетелде демалып жүріп, қызық оқиғаға тап болғанын жазды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

“Бүгін Даратайым құмның арасынан әдемі әшекей тауып алды. Бәріміз "періште алтын көрсе, жолдан таяды" дегендей әшекейдің әдемілігіне тамсанып тағып бердік. Бірер минуттан кейін, “біреудің затын алуға болмайды ғой, шешіп берші құмның үстіне қоя салайын” дедім. Қанша қызығып тұрса да одан бас тартты.
Ешкімнің ала жібін аттамай, ешкімге қиянат жасамай, біреудің отбасына, табысына, көз салмай Алланың таза жолымен жүруді нәсіп етсін”, – деп жазды әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.