Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға қанша адам өтініш бергені белгілі болды

Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 30 желтоқсанда аяқталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 167 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп. 

ҰБТ 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.   

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.   

ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. 

Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляциялық комиссияның  шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.   

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. 

ҰБТ тапсырмалар саны – 120.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.