Жаркентте жоғалып кеткен ер адам Жаңа жылда өлі күйінде табылды

Марқұм Жаркенттен Алматыға барар жолда жоғалып кеткен.

Марқұм былтыр желтоқсанның басында хабар-ошарсыз кеткен, - деп хабарлайды  Аikyn.kz   Lider.kz еріктілері Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Алматы облысы тұрғынының мәйіті 31 желтоқсанда табылды. Іздестіру бағдарына сәйкес, Алматы облысының Қоянқұс ауылында тұратын 1969 жылы туған Қалиасқаров Ерсін Қалиасқарұлы 2024 жылғы 8 желтоқсанда Жаркент қаласынан (Жетісу облысы) Алматыға кетіп, хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалған адамның туыстары оны іздеуде деп жариялады. 31 желтоқсанда жоғалған Ерсін Қалиасқаров  өлі күйінде табылды. Еріктілер істің егжей-тегжейін хабарламады.