«Қызық премия»: Елдос Сметов өзіне табысталған сыйлықты қабылдаудан бас тартты

Жыл үздіктері анықталатын "Қызық Премия" кешінде Елдос Сметов "Жыл спортшысы" атағына ие болды.

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов "Қызық Премия" марапаттау кешіне қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Жыл үздіктері анықталатын "Қызық Премия" кешінде Елдос Сметов "Жыл спортшысы" атағына ие болды. Алайда спортшы өзіне табысталған сыйлықты химия пәнінен халықаралық Олимпиаданың жеңімпазы Санжар Бейсенәліге берді. 

«Білім саласындағы Олимпиада чемпионы осы залда, ортамызда отыр деп естідім. Мен «Жыл спортшысы» атағын осыған дейін 3-4 рет алғанмын. Қазіргі таңда әлемде үздік атану үшін сынға түсіп жатырмын. Сіздерден қолдау күтемін. Осы марапатты өз атымнан білім саласында Олимпиада жеңімпазы болған бауырымызға сыйлағым келеді. Білім мен ғылымда үлкен жетістікке жете берсін. Осы жылдағы бастама болсын», – деді Елдос Сметов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.