Жаңа жыл мерекесінде отшашудан қанша адам зардап шекті?

Жаңажылдық мерекеде отшашудан зардап шеккендер дәрігердің көмегіне жүгінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті. Оның 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылды және 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем алады. 

Атап айтқанда, Алматы қаласында – 19 адам, Жамбыл облысында – 11 адам, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті. 

Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдір қабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдап жатыр. 

Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.