Көліктің барлық түріне жолда жүру қауіпті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылғы 4 қаңтарда сағат 15:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов кілттері» автожолының 6-166 шақырым аралығында ( Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, жолды ертең, яғни 2025 жылғы 5 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарда бар.
Ескерер жайт, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.