Қазақстанда метапневмовирус штамы анықталды

Эпидемиялық маусымның басында елімізде тұмауға жатпайтын вирустардың 8 360 үлгісі зерттелген.

Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың таралуына қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ведомствоның мәлімдеуінше, адам метапневмовирусы – көптеген елде ұзақ жыл таралған классикалық вирустың бірі. Оның штамы Қазақстанда тұмау өршіген кезде инфекцияның басқа түрімен қатар анықталды. Оны жұқтырғандар саны  1,6% ғана. 

Эпидемиялық маусымның басында елімізде тұмауға жатпайтын вирустардың 8 360 үлгісі зерттелген. 1,8 мың үлгіде вирус табылған. Оның ішінде 9,5%-ы паратұмау, 23,2%-ы РС вирусы, 36,4%-ы риновирус, 6,1%-ы бокавирус, 12,1%-ы аденовирус, 11,1%-ы коронавирус.  

Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. 

Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеліп жатыр. Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, осы жылдың 1 қазанынан бастап республикада ЖРВИ-дің 2 002 335 жағдайы және зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы, оның ішінде А(H1N1) типті тұмаудың 910 жағдайы, А(H3N2)-1 жағдайы, В тұмауының 30 тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады.

Бұл әсіресе созылмалы аурулары бар ең осал пациенттерге қатысты. 

Тұмау мен ЖРВИ-дың профилактикалық шаралары:

адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу; 

үй-жайларды үнемі желдету; 

қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану; 

ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету; 

тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу. 

Ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.