Табысы 100 мыңнан аспайтындар кедей саналады

2024 жылдың соңында орташа жалақы 285 мың теңгені құрады.

1 қаңтардан бастап Қазақстан кедейлікті жаңа әдіспен өлшейді, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты naryk.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Еңбек министрлігінің жарияланған бұйрығында кедейлік шегі ел тұрғындарының орташа табысының 35% мөлшерінде белгіленген. 

Есеп тоқсан сайын жүргізілетін болады. 2024 жылдың соңында орташа жалақы 285 мың теңгені құрады, яғни жаңа стандарттар бойынша табысы 100 мың теңгеден төмен адамдар кедей саналады. 

Бұған дейін кедейлік шегін орташа табыстың 50% деңгейінде бекіту жоспарланған.