Ауа температурасы күрт төмендейді: 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге – 7 қаңтар мен 9 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандардың айтуынша, 7 қаңтардан бастап еліміздің басым бөлігінде ауа райы ылғалдың үлкен қоры бар Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен қалыптасады:

  • республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында – қар, боран, кейде қалың қар;
  • республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында – жауын-шашын (жаңбыр, қар);
  • Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ал 8 қаңтарға қараған түні батыс антициклонымен ауа температурасын күрт төмендететін суық ауа массаларының басып кіруі күтіледі:

  • түнде республиканың солтүстік жартысында –15-25°С аязға дейін,
  • оңтүстігінде -5-15°С аязға дейін,
  • Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында -20-25°С аязға дейін төмендейді.

Алайда, 9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0-5°С аязға дейін, оңтүстік жартысында 0+5°С дейін.

Сондай-ақ елде жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.