Қазақстанның Халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасқа толды, деп хабарлайды Aykin.kz.
“Бүгін Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжанов ағамыздың туған күні. 88 жасқа толып жатыр”, – делінген журналистің жазбасында.
Ол Нұрғали Нүсіпжановқа Еңбек Ері атағы берілмей келе жатқанын атап өтеді.
“Осыдан екі жыл бұрын Нұрағаңа Қазақстанның Еңбек Ері атағын беру туралы Мемлекет басшысының атына хат жазып, осы атақты алған Асекеңнен – Асанәлі Әшімовтен бастап Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Роза Рымбаева, Аягүл Миразова сияқты бес қайраткерге қол қойғызып жіберіп едік. Өкінішке қарай, ұсыныс өтпеді. Алла тағалам Нұрғали ағама ұзақ өмір берсін! Құдай қаласа енді екі жылдан кейін 90 жылдығында бұйырар. Соған бәріміз аман-есен жетейік”, – дейді жазба иесі.