Ауа райына байланысты бірнеше өңірдегі жол жабылды

Көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысында:

9 қаңтар сағат 00:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған. 

2025 жылғы 9 қантар сағат 09:00-де жолды ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар 9 қаңтар сағат 00:00-де ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

Қостанай облысында: 

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін); «Екатеринбург-Алматы-» 686-729 шақырым, (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін). 

Солтүстік Қазақстан облысында: 

«Екатеринбург-Алматы-» 729-768 шақырым (Қостанай облысы шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін);

2025 жылғы 9 қаңтар сағат 07:00-де жолды ашу жоспарланған.

Ақмола облысында:

9 қаңтар сағат 00.00-де Ақмола облысында Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінуді шектеу, жел) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді: 

1. «Қостанай-Аулиекөл-Сұрған» 232-260шақырым аралығында, (Қостанай обл.шекарасынан - Сұрған ауылына дейін) 

2. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 71-82 шақырым аралығында, (Аксай ауылынан - Бұзылық ауылына дейін) 3. «Жезқазған-Петропавл» 536-553 шақырым аралығында, (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылына дейін).