Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында екі жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнап естелік бейнежазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Продюсер әкесін сағынышпен еске алды.
«Екі жыл өтті. Бірақ уақыт жараны емдемейді, ол тек басылады. Сағыныш жанды тербейді. Әкеміздің өнері мен таланты сіңлім Бағымға дарыған. Ол осы әнді әкеме арнады», – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары продюсердің жазбасына белсенді түрде пікір қалдырып, жақын адамды жоғалту ауыр екенін жазған.
«Жақыныңды жоғалту – ең ауыр сынақ», «Әкеңіздің жаны жәннатта болсын!», «Мен де әкемді сағынамын», «Уақыт емдемейді, бұл шындық. Сағыныш ешқашан жоғалмайды», «Керемет орындау. Мен де әкемді сағындым», – деп жазды желі қолданушылары.