Атырау облысы Құрманғазы ауданында екі ауылдың тұрғындары арасында жаппай төбелес шыққан.
Atyrau Online Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 29 желтоқсанда болған. Жаңаауыл атты ауылдың 30-дан астам тұрғыны Сафон ауылына дау-дамайды шешу үшін барған. Алайда жиналғандар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.
Соның салдарынан бірнеше адам жарақат алып, біреуі қаза тапты. Қазір зардап шеккендер аудандық ауруханаға жеткізілген.
Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық күдіктілер ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.