Аустрияның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

Ол жақында сенім грамоталарын тапсырады.

Аустрияның Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Аустрия елшілігі Қазақстан Республикасындағы Аустрия елшісі болып тағайындалған, Мәртебелі Андреа Бахерді қуанышпен таныстырады. Ол жақында сенім грамоталарын тапсырады", – делінген елшіліктің жарияланымында.

Андреа Бахер бұған дейін Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрдің (BMEIA) сыртқы саясат пен қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі болған.