Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы

239 000 көлікті кері қайтаруды жариялаған компания ақауларды түзеткен соң көліктерді кімге береді? Бұл нарыққа әсер ете ме?

CNBC телеарнасының хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz электр көліктерінің қайтарып алу рәсімін түсіндіреді.

Tesla 2024 жылы 5,14 миллион электр көлігіне қатысты 16 рет кері шақырту жариялаған. Фотолар nypost.com сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters және zumapress.com

Жұма күні (10 қаңтар) таратылған құжаттарға сәйкес, Tesla артқы көрініс камераларының істен шығуына әкелуі мүмкін мәселелерге байланысты АҚШ-тағы 239 000-ға жуық электр көлігін өз еркімен кері қайтарады.

Tesla АҚШ-тың федералды реттеуші органдарына жазған хатында: «Бейнені көрсетпейтін артқы көрініс камерасы жүргізушінің артқы көрінісін шектеп, соқтығысу қаупін арттырады», – делінген.

Кері қайтарып алу 2024-2025 жылғы Tesla Model 3 және Model S седандарына және 2023-2025 жылы шығарылған Model X және Model Y жол талғамайтын көліктеріне қатысты. Сондай-ақ компания растау электронды хатында көлік камераларына қатысты кейбір мәселелерді шешуі мүмкін «сымсыз желінің (OTA) бағдарламалық құралын жаңартуды ақысыз тарататынын» жариялады.

Ақаулықтары түзетілген көліктер иелеріне қайтарылып беріледі және бұл нарықтағы Tesla-ның жағдайына кері әсер етпейді деп болжануда.

Артқы көрініс камерасының ақаулығынан болған жарақаттар немесе басқа апаттар туралы хабарлар тіркелмеген. Фото CNBC сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / M. Scott Brauer

Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының (NHTSA) мәліметтері бойынша, Tesla 2024 жылы АҚШ-та 5,14 миллион электр көлігіне қатысты 16 рет кері шақырту жасады. Кері қайтарып алу шаралары бағдарламалық қамтамасыз етудің эфирлік жаңартулары мен бөлшектерді ауыстыру комбинациясын қамтыды. Өткен жылы кері қайтарып алулардың 40%-дан астамы компанияның 2023 жылдың аяғында тұтынушыларға сатыла бастаған ең жаңа көлігі Cybertruck-қа қатысты болған.

Соңғы қайтарып алуға қатысты компания 887 кепілдік шағымдар мен ондаған есептер алғанын айтқан. Бірақ Tesla өкілдері NHTSA-ға артқы көрініс камерасының ақаулығынан болған жарақаттар, өлім немесе басқа апаттар туралы хабарлар алмағанын жеткізген.

Артқы көрініс камерасының дұрыс жұмыс істемеуін тудыратын көліктерінде «тұйықталу платасының істен шыққан немесе шамадан тыс жүктемені бастан кешірген» тұтынушылар Tesla-да көлік компьютерлерін тегін ауыстыра алатынын компания растаған.

Сенбілік көңіл күйіңізді көтеру үшін көлік жүргізу тәсілдері «таңғалдыратын» адамдар туралы мына әзіл видеоны көріңіз:

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.