Қазақстан халқы 2025 жылы неше күн демалады?

Қаңтар айында барлығы 11 демалыс күні бар.

Қазақстан халқы 2025 жылы мереке күндері мен сенбі-жексенбіні қосқанда 119 күн демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қаңтар айында барлығы 11 демалыс күні бар.

Ақпан мен сәуірде және қараша айында қосымша мерекелер болмайды. Демалыс күндері тек сенбі және жексенбімен шектеледі (8 күн). Наурыз айында демалыс көп болады – 14 күн.

Мамырда сенбі-жексенбіден бөлек, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні (бейсенбі), 7 мамыр Отан қорғаушылар күні (сәрсенбі), 9 мамыр Жеңіс күні (жұма). Бес күн жұмыс істейтіндер осы күндері демалады.

Маусымның 6-сы (жұма) – Құрбан айт. Осыған орай Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады.

Шілдеде Астана күні жексенбіге келгендіктен, дүйсенбі демалыс болады.

Тамызда Конституция күні атап өтіледі. Бұл мереке дүйсенбіге ауыстырылып, 1 қыркүйек демалыс болады. Ал қазанда, Республика күні қарсаңында қазақстандықтар 25 қазаннан 27 қазанға дейін демалады.

16 желтоқсан сейсенбіге келіп тұр. Осылайша қазақстандықтар сенбі-жексенбі мен мереке күндерін қосқанда 119 күн демалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.