Астанада екі автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Astana_sergek мәліметінше, жол-көлік оқиғасына себепші болған Lexus жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір жол апатының себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Lexus маркалы көліктің белгісіз жүргізушісі жолда қатарға ауысу кезінде Hyundai көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Hyundai жол жарықтандыру бағанына соғылып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Қарсы бағытта ол Renault және Shacman көліктерімен соқтығысқан», – делінген полиция хабарламасында.
Оқиға салдарынан Hyundai және Renault көліктерінің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алды. Полиция оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.