«Қазгидромет» синоптиктері 13 қаңтарда Қазақстанның 10 аймағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, кең антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Күндіз атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуі әсерінен Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы ықтимал.
Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман күтіледі.
Солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында және күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.