Шымкентте ер адам анасын пышақтап өлтірді

Ер адам көмекке келген көршілеріне де күш көрсетпек болды. 

Шымкентте 30 жастағы жігіт туған анасын пышақтап өлтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz KTK арнасына сілтеме жасап. 

Қанды қылмысқа барған ол, тіпті үйін өртемекші болған. Түтінді көріп көмекке келген көршілеріне де күш көрсетпек болды. 

Көршілерінің айтуынша, күдіктінің психикалық ауытқуы болған. 54 жастағы анасын өлтіруге отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Қазір қылмыс болған үй жабық, есігі мөрленген. Жауыздыққа барған күдікті қамауға алынды. Полиция департаменті әзірге «кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындаған.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.