Доллар құны қайта қымбаттап жатыр

14 қаңтардағы валюта бағамы.

Астана мен Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде 1 доллар 529-534 теңгеден саудаланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 534 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынуда.

Ал Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар 529,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 532 теңге. Мұнда еуроның бағасы 539-545 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,17 теңгеден саудаланып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.