Бүгін Туринде өтіп жатқан ХХХІІ универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық спортшылар алтын медальді жеңіп алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қыздар арасындағы жұптық фристайл-могулдың финалына екі қазақстандық студент-спортшы шығып, 1 орынды Қазақ спорт және туризм академиясының 3-курс студенті Анастасия Городко иеленді. Ал, күміс медаль әл-Фараби атындағы докторант 1-курс студенті Аяулым Әмреноваға тиесілі болды.
Сонымен қатар ерлер арасында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 3-курс студенті Антон Бондарев универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Осылайша, жалпы есепте екінші орын алды: 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль.