Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Словакияның "Кошице" футбол клубына ауысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Кошице" – Словакияның жоғары лигасындағы клуб. Қазір ол 18 турдан кейін турнирлік кестеде 7-орында тұр.
Ғалымжан Кенжебек бұған дейін Кипрдің "Акритас" командасында ойнап жүрген еді. Қазақстандық футболшыға "Кошицемен" қатар Испанияның екінші Сегундасындағы тағы бір клубтан ұсыныс түскен.