Қазақстан сейсмологтары Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жерасты дүмпуі 16 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да тіркелді.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 16 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 17:30-да жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координаттары: 42.330 ш. б. 76.320 с. е. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 109 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.