«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына әсер етеді. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, бұрқасын күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады болжанады. Еліміз бойынша жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.
18 қаңтарда Түркістан облысында түнде жауын-шашын болады.
20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында қар жауады.
22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында да қар жауады деп болжанады.
22 қаңтардан бастап суық ауа массасы таралып, түнде температура айтарлықтай төмендейді:
батыста температура 10-20 градус аяз;
солтүстік-батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз;
орталық пен шығыста 25-35 градус аяз;
оңтүстікте 12-25 градус аяз;
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.