Қамшыбек Қоңқабаев былғары қолғабын шегеге ілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов Pluste bol бағдарламасында айта кетті.
Спортшы Париж Олимпиадасынан кейін шаршы алаңға оралмаған болатын.
91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы Олимпиададан бөлек, мансабында екі рет әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанды.