Ертең Астанада оқушылар қашықтан оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ауа райының бұзылуына байланысты 0-9 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"2025 жылғы 22 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Айта кетпейік, ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста жол жабылған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.