Нұрсұлтан Құрман жаңа қызметке тағайындалды

2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.

Журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Федерацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, ол 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.

Н.Құрман отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.