Солтүстік Қазақстанда ер адам құдыққа құлап, көз жұмды

Қайғылы оқиға 19 қаңтар күні болған.

Солтүстік Қазақстанда 38 жастағы азамат кешке үйінен су әкелу үшін шығып кеткен. Баласы ұзақ уақыт бойы оралмаған соң, анасы оны іздеп шыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Есік алдында жатқан із оны ауылдағы құдыққа әкелген. Ол баласының суда жатқанын көріп, көршілерін көмекке шақырған.

– 19 қаңтар күні СҚО Есіл ауданының Чириковка ауылында су алып жатқан 38 жастағы ауыл тұрғыны құдыққа түсіп кетіп, көз жұмды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Тергеу жүріп жатыр, –  делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.