Өнер иесі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласынан ұлына аяқкиімге тапсырыс берген, – деп жазады Aikyn.kz.
“Біз де ұлымызға сыйлық жасадық. Спорттық аяқкиімімізді ашып көрмекпіз. Америкадан арнайы Әнуар үшін келді. Өзі қатты армандады. Осы аяқкиімнен басқа ештеңе керек емес деді. Бірден төртеуіне тапсырыс бердік. Құтты болсын!”, – деп жазды әнші.
Бұған дейін өнер иесі ұлына құны 40 миллион теңге тұратын көлік сыйлап, ел талқысына түскен еді.