Ути-пути жоқ енді: Ләйлә Сұлтанқызы ұлына ақыл айтты

Тележүргізуші бұл жазбасын ұлының туған күніне арнады.

Танымал тележүргізуші ұлын туған күнімен құттықтап, ақылын айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол ұлына жауапкершілігі артқанын ерекше айтып өтті.

«Туған күніңмен! Мен үшін мәңгі бала болғаныңмен, қоғам үшін енді ересек адамсың. Анашың бұрыңғыдай жаныңнан әркез табыла бермес. «Азамат» деген атқа сай, жауапкершілігің де арта берсін.

Енді сен әр ісің үшін, әрекетің үшін, сөзің мен уәдең үшін, бастысы өзің, аманат қылып берген денсаулығың үшін, адал қарым-қатынас үшін өзің жауаптысың.

Қателесуден қорықпа, балам! Өмірде басқан әр шалыс қадамың – сабақ! Құндылықтарыңды да солай айқындарсың, бұйыртса. Тормоз болма! Адамдармен дұрыс коммуникация – ертеңгі бизнесіңнің, өсуіңнің, жарқын болашағыңның кепілі», деп жазды тележүргізуші.

Ол сөз соңында ұлына өзін "әже" деген статусқа әзірге айналдырмауды сұрады.

«Әдемі, жақсы өмірге ұмтылсаң, артық шашылмауға, шашпауға тырыс! (Әкең үйреткендей). Ути-пути жоқ енді. Қысқасы, әскерге баратын жасқа жетуіңмен! 18 жасыңда үйлендіремін деп еді әкең, бірақ  сен мені әже қылуға асықпа, ок?»  деді Ләйлә Сұлтанқызы.