Доллар құны тағы өзгерді: 27 қаңтардағы ресми валюта бағамы

27 қаңтарға арналған ресми валюта бағамы.

Ұлттық банктің ресми мәліметіне сәйкес, 27 қаңтардағы доллар бағамы – 517,84 теңге, еуро – 543,11 теңге, рубль – 5,28 теңге, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астанадағы валюта айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағасы – 517 теңге, сату құны – 521 теңге. Ал еуроны сатып алудың орташа құны – 540 теңге, сату бағасы – 546 теңге. Ресей рублінің бағасы 5,18-5,25 теңге аралығында.

Алматыда долларды сатып алудың бүгінгі орташа бағамы – 517,9 теңге, сату бағасы – 520,5 теңге. Ал еуроны сатып алу құны – 541 теңге, сату бағасы – 545,5 теңге. Рубльді сатып алудың орташа бағамы 5,15 теңге, сату – 5,27 теңге.