Түркияда ота жасатқан Ербаян Мұхтар Астанаға қайтатын болды

Бұл туралы заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әскерде жүріп, ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркияда ота жасатқан болатын. Енді ол Астанаға келетін болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.  

Бұл туралы заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол Ербаянның емі ұзақ жүретінін айтты.

"Ербаян Мұхтардың емінің бірінші кезеңі аяқталып, ол Астанаға жолға шықты. Яғни, Ербаянымыз екі-үш ай елде болады. Басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезең, реабилитацияны бастайды. Астанада Ербаян нейрохирург-профессор Гёкхан Акдемирдің толық бақылауында болады. Бір айдан кейін дәрігердің өзі ұшып келіп, жағдайын өз көзімен көріп кетемін деп отыр. Гёкхан Акдемир - Ербаянның басына ота жасаған дәрігер. Жуырда Ербаянның ата-анасы бірінші кезең еміне кеткен қаражат бойынша есеп беріп, осы аралықта төленген қаражаттың чектерін жариялайды. Осының барлығы Сіздердің арқаңызда екенін біз ешқашан ұмытпаймыз. Ербаянның емі ұзақ екенін, шыдам мен табандылықты қажет ететінін ескеріп, оған тек қуат пен жігер тілейміз. Ал бүгінше бәріміз елге, Отанына ұшып келе жатқан Ербаянға ақ жол тілеп қояйықшы", - деді ол. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Inga Imanbay (@inga_imanbay)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.