Бүгін Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Отырыста Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.

Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.