Наурыз айында екі ресми мереке бар. Олар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. Биыл осы мерекелерде қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
8 нaурыз сенбіге түсетіндіктен, заң бойынша демалыс күні 10 нaурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бойынша істейтін қызметкерлер үш күн (8, 9, 10 нaурыз) демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 8 нaурыз (сенбі) және жексенбі екі күн демалады.
2025 жылы Нaурыз мейрамы жұма, сенбі және жексенбі күндеріне түседі, соған байланысты демалыс күндері 24 және 25 нaурызға (дүйсенбі, сейсенбі) ауыстырылмақ:
- Бес күндік жұмыс аптасы барлар 21-25 нaурыз аралығында (бес күн қатарынан) демалады.
- Алты күндік жұмыс аптасындағылар 21-24 нaурыз аралығында (төрт күн қатарынан) демалады.