«Қазгидромет»: 30-31 қаңтарда жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі

30-31 қаңтарда елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.

«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны қалыптастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жауын-шашын, қар, жылбысқы қар және жаңбыр түрінде бұлтты ауа райы күтіледі, 30-31 қаңтарда елдің шығысында, 31 қаңтарда елдің солтүстігінде қалың қар, боран, екпінді жел, тұман болады деп болжануда. 30-31 қаңтарда елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республиканың батыс облыстарында ғана антициклон сілемі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -20...-28°C-қа дейін төмендейді, алайда күндіз 1 ақпанда термометрлердің бағандары нөлдік белгіге дейін жақындайды.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.