Төтенше жағдайлар министрлігі: Жолдардың жай-күйі туралы мобильді қосымшадан білуге болады

ТЖМ жолдардың жай-күйі туралы жолға шықпас бұрын Дармен мобильді қосымшасынан жағдайды білуге болатынын еске салады, себебі қыс ауасында жолға шығып, оқыс оқиғаға тап болатын жолаушылар көп.

ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған адамдарды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты.  

Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал-Достық стансасы республикалық автожолының учаскесінде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Оқиға орнына келген құтқарушылар Трэкол автокөлігімен 3 адамды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ еске салады: жолдардың жай-күйі туралы Дармен мобильді қосымшасынан білуге болады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.