Ауыр атлет, танымал спортшы Илья Ильин мен оның жұбайы Татьяна қыздарының 1 жасқа толған туған күнін атап өтіп, қазақы дәстүрмен тұсауын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
1 жасқа толған Аили бүлдіршіннің қазақша көйлек пен қамзол, үкі таққан тақия киген видеоларына көпшілік ерекше сүйіспеншілік білдіріп жатты. Тұсауын тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан кесті.
«Бисмилляхи рахмани рахим! Мен сенімен өз сәттілігіммен бөлісемін. Әрдайым жолың болсын! Аяғыңды нық баса ғой, балапан. Құдай берген барлық әлеуетіңді іске асыра біл! Жаныңда әрқашан мейірімді және жақсы адамдар болсын! Қазақстанның жұлдызы әрі Мақтанышы бол! Илья, Татьяна Сіздерді тәп-тәтті қыздарыңыздың бірінші туған күнімен құттықтаймын! Сенімдеріңіз үшін рақмет», — деген тілекпен Динара Сәтжан тұсауын кескен.
Желі қолданушылары спортшының өзіне, жанұясына қазақы дәстүрмен тұсау кесу той жасап, бүлдіршінді қазақы нақышта киіндіріп қойғандары үшін ризашылық білдіріп, ақ тілектерін жазған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.